27 қазан – Қазақстанның Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай балалар мен педагогтардың қатысуымен мерекелік ісшара өткізілді. Балалар өздерінің өнерлерімен жиналған ұжымды тәнті етті.Орталығымыз басшыларынан құттықтау қағаздары мен силықтар таратылды.









"Сенім" әлеуметтік қызметтер орталығы" КММ (бұдан әрі-Орталық) психоневрологиялық аурулары бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың тұруына арналған стационарлық үлгідегі медициналық–әлеуметтік мекеме болып табылады.
Орталық арнайы құрал-жабдықтармен, АБҚ кабинетімен, оқу сыныбымен, сенсорлық кабинетпен, физио-кабинетпен, дефектолог, логопед, ЕДШ кабинеттерімен жабдықталған.
Орталық ДЦП, Даун ауруы, ауыр және терең ақыл-ой кемістігі, ақыл-ой және моторлық дамуы тежелген диагноздары бар күрделі құрылымы бар,тәулік бойы ұсталатын мүгедек балаларға қызмет көрсетеді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтің 8 түрі көрсетіледі (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени).